Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешова "Голос. Діти" шоуының жартылай финалында сәтті өнер көрсетіп шықты. Жартылай финал жексенбіде "1+1" телеарнасынан кешкі уақытта көрсетілген болатын.
Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешова "Голос. Діти" шоуының жартылай финалында сәтті өнер көрсетіп шықты. Жартылай финал жексенбіде "1+1" телеарнасынан кешкі уақытта көрсетілген болатын.
"Шынымен де осыған жеттім бе!!! Мен финалдамын!!! Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғысым шексіз, әсіресе, менің жетекшім Дима Монатикке рақмет", - деп жазды әнші қыз Instagram желісіндегі парақшасында.
10 жастағы қыз бұл жолы америкалық әнші Андра Дей айтатын Rise up композициясын орындап шықты. Шоу көрермендері Данэлияның даусына таңғалғандарын жасырмады, кейбір қазылар алқасы тіпті көзіне жас алды.
Еске сала кетейік, алматылық Данэлия Төлешова украиналық шоуда Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қызға қолдау білдіріп, сенім артқанын айта кетейік.