Дильназ Ахмадиева жаңа сүйіктісін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дильназ Ахмадиева жаңа сүйіктісін көрсетті Дильназ Ахмадиева. © Instagram

Әнші Дильназ Ахмадиева Instagram желісіндегі парақшасында жігітпен түскен сурет жариялап, жазбасына жүректің суретін қалдырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Дильназ Ахмадиева Instagram желісіндегі парақшасында жігітпен түскен сурет жариялап, жазбасына жүректің суретін қалдырды.

Суреттен әншінің жігітті құшақтап, бетінен сүйіп тұрғанын көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары әнші жаңа сүйіктісінің суретін жариялады деген оймен бұл жазбаға бірден пікірлер қалдыра бастады. Онымен қоса, Дильназ Ахмадиева пікір қалдырушылардың біріне "күйеуім жоқ" деп жауап жазған.


© Instagram

Дильназдың сүйіктісі әнші Азильдо Сейтебаев болып шықты. Павлодарлық жігіт, қазір Алматыда тұрады. "Beatrate band" тобында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ол ТАҢ арнасында жүргізуші және репортер болып жұмыс істеп, түрлі топтарда ән айтқан.


Азильдо Сейтебаев. © Instagram.com

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиева 2011 жылдың қыркүйегінде Ахмед есімді бизнесменге тұрмысқа шыққан болатын. Алайда 2015 жылы әнші ажырасайын деп жатқанын айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети