ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 наурыз 2017 14:28
Димаш ән салатын күн
Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының жетінші кезеңінде домбырамен ән салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қазақ әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен ән шырқады. Олар Қазақ Ұлттық Өнер академиясында әншімен бірге оқитын студент достары. Ал әр сенбіні күтетін тыңдармандары әншінің сахнадағы суреттерін жариялап, бөлісіп жатыр.
Желіде Димаш Құдайбергеннің сұхбаты жария болды. Видеода ол Джеки Чанның киноға шақырғаны және "жұбайының, үш баласының барын, оларды сағынғаны" туралы әзіл айтып береді.
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері арт-суреттерімен таңғалдыруын қояр емес.
Ал қазақстандық шығармашыл жастар, дәлірек айтсақ xaxa_show вайнерлері Димашқа арнап әзілге толы ән де жазыпты.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу