Димаш Құдайбергеновтің жетістігі қылқалам шеберлеріне шабыт сыйлады

06 Ақпан 2017, 12:26
0
Димаш Құдайбергеновтің жетістігі қылқалам шеберлеріне шабыт сыйлады -

Әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеновтің тыңдармандары әншінің суретін салып, игі тілектерін білдіріп жатыр. Бүгінде Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының үшінші кезеңінен өткен қазақстандық әншінің Қытайда да, елімізде де тыңдармандары көбейіп, Қазнетте ең көп талқыланып жатқан тақырыпқа айналды.

Тыңдармандары әншіге ақ тілек білдіріп жатса, кейбірі оның суретін салып, ерекше құттықтау дайындаған. Tengrinews.kz редакциясы тыңдармандардың әншіге арнап салған суреттер топтамасын ұсынады.

"Ал бұл туындыны Қытай елінің жанкүйерлері дайындапты. Рақмет!", - деп әншінің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Instagram желісінде бөліскен.

Қолданушылардың бірі Димаш Құдайбергеновтің жанкүйерлерін Dear деп атауды ұсыныпты. 


© instagram.com/suluart

Ал бұл суретті Instagram желісінде aileen_djia деген қытай қызы салыпты.


© ardakabildayeva302/365


© instagram.com/gera_kafugi

Ал енді мына суретке назар аударыңыз. Бұл суретті gera_kafugi есімді қолданушы Димаш Құдайбергеновтің Қытайдағы конкурсқа бармай тұрғанда салып, жарқын болашағы жайлы тілек жазыпты. "Біздің үйдегі ең сүйікті әншіміз! Өзі де періште, өте талантты! Бірінші рет біз Димаш Құдайбергеновті 2012 жылы "Восточный базар" кункурсынан көріп, өте қатты ұнатып қалған едік, бірақ содан кейін, ол жайлы ештеңе білмей қалдық, енді ана жылы "Славян базарында" да жеңіске жеткенін көріп қатты қуандық! Жапонияға барып, та,ы да баска елдерге танымал болады деп үміттенемін, тек қана алға!", - деген тыңдарманның тілегі бүгінде орындалып отыр деуге болады.

Димаш Құдайбергенов үшінші кезеңде аты аңызға айналған Queen тобының The Show Must Go On әнін орындаған еді. Ал екінші кезеңде Құдайбергенов есейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады. Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай