Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі - Тоқаев

Әнші Димаш Құдайберген Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Тоқаев әншімен бірге түскен суретін 16 сәуірде өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деп жазды Тоқаев. 

© instagram/tokayev_online

Кеше Димаш Құдайберген Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсеткен болатын. Концертке КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі Айман Мусаходжаев, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткерлер Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, танымал әнші Әлішер Кәрімов пен халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудряк қатысқан. 

Қазақстандық әнші Өзбекстан астанасына 14 сәуірде жеткен болатын. Ташкент әуежайында Димаштың фанаттары оны өзбектің ұлттық дойра аспабымен қарсы алды. 

View this post on Instagram

A post shared by DIMASH Official Uzbek FanClub (@dimash.uzbek.fanclub) on

View this post on Instagram

A post shared by DIMASH Official Uzbek FanClub (@dimash.uzbek.fanclub) on

Әртістің тыңдармандары оған раушан гүлдерін беріп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. "Аңсаған арманымыз орындалды. Димашпен кездестік. Оның қасында тұрған кезде қандай сезімде болғанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Ол шаршағанына қарамастан, әр фотосуреттің сипаттамасына қолтаңбасын қойып, алғысын білдірді. Сізге алғысымыз шексіз, Димаш", - деп жазылған Димаштың Өзбекстандағы фан-клубының парақшасында. 

© instagram/dimash.uzbek.fanclub

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети