Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі атанды Димаш Құдайберген

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасында "Азияның ең танымал әншісі" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген SOS d'un terrien en détresse әнін орындады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға қатысу үшін әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен.

Марапаттау сәтінде Димаш Құдайберген тыңдармандарына қазақ тілінде алғыс айтты. "Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шет елдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатырған "Singer" жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!!!", - деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети