Димаш Құдайберген француздарды тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген француздарды тәнті етті Видеоның скриншоты

Димаш Құдайберген Францияның "France 2" бағдарламасында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Францияның "France 2" бағдарламасында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайбергенді Les années bonheur жобасының бас жүргізушісі
Себастьян Патрик шақыртқан. "Ол Димашты Интернеттен көріп, Франциядағы бағдарламасына арнайы құрметті қонақ ретінде шақырды. Бағдарламада Димашпен бірге әлемге танымал көптеген өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Осы кеште LP Лаура да (Лаура Перголицци) ән айтатын болады", - деп хабарлады ол.


© Алпамыс Шаримов

Бағдарлама 6 мамырда көрсетіледі. Бұл туралы әншінің өзі де Instagram желісінде жазды.

"Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы боламын! Әлемдік өнер жұлдыздары бір саxнада тоғысқан аталмыш кеш 6 мамыр күні Франция уақытымен 20:55-те өткізіп алмаңыздар!!!", - деген әнші бағдарламаның үзіндісі көрсетілген видео жариялады. 

Видеода көрермендердің қазақстандық әншінің өнерін ерекше ықыласпен тамашалап отырғанын байқауға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети