Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында Игорь Крутойдың әнін орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген "Новая волна" байқауында Игорь Крутойдың әнін орындады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен ресейлік композитор Игорь Крутой "Новая волна" байқауында шеберліктерін тағы бір паш етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орындаушының YouTube-каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен ресейлік композитор Игорь Крутой "Новая волна" байқауында шеберліктерін тағы бір паш етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орындаушының YouTube-каналына сілтеме жасап.

Италиян тіліндегі композиция Passione деп аталады. Ән айту кезінде Димашты Сочи қаласының жастар хоры демеп тұрды.

Видеоны көрген жанкүйерлер жаңа әнге және Димаштың талантына ең жоғарғы баға берді.

"Димаш- ол музыка әлемінде қайталанбас тұлға. Оның таланты құшақталмағанды құшақтайтын, бірігуге келмейтінді біріктіретін керемет күш. Димаштың творчествосы - ол тек әндерден ғана тұрмайды. Шағын спектакльден тұратын қойылымдай әр қимылы әлемдік сахнаны еркін бағындыратын тұлға екенін көрсетіп келеді.
Өзінің атын еркін сезінетін авторлық қолтаңбасысы бар. Димаштың өмірде болуының өзі бір құбылыс. Аудиториясының шегі жоқ. Оның таланты адамға сүйіспеншілік қана сыйламайды, одан да көбірек энергетиканы күн сәулесіндей шашып тұратыны белгілі. Сахнада деген миссиясы бүкіл әлемнің майданын тоқтатып талайлардың көкірегін тесіп, миллиардтаған жүректерден орын алып сонда ғасырларға қалатындай, айта берсек сан жетпейтін адами таза, қазағым деп соққан жүрегі мына біздің адасқан жанымызды оятатындай. Ол миллиондардың кумирына айналған сәттен ақ католиктермен протестанттарды, мұсылмандармен христиандарды тазалық пен адалдыққа, татулық пен адамгершілікке т.б. мейірімділікке бейімдеуде. Осының өзі ең жоғарғы мәртебе, Жеңіс деп осыны айт! Жарайсың Димашок", - деп жазды Чиин Пин есімді пікір қалдырушы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети