Димаш Құдайбергенге бес миллион теңге сыйақы табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергенге бес миллион теңге сыйақы табысталды © 31.kz

"Славян базары - 2015" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенге Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 5 миллион теңге сыйақы табыстады, - деп хабарлайды "31 арна".

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Славян базары - 2015" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенге Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 5 миллион теңге сыйақы табыстады, - деп хабарлайды "31 арна".

Басылымның мәліметінше, Димаштың байқаудағы жеңісінен кейін Ақтөбеде туылған егіздердің біріне әншінің есімі беріліпті. Телеарнаға берген сұхбатында Димаш өз арманын айтты. "Басты арманым Ресейге, өзге де елдерге қазақ әндерін насихаттау, олардың сахнасында ана тілімде ән айту", - деді ол.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 11-13 шілде аралығында өткен "Славян базары-2015" конкурсында Гран-при иеленген болатын. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған 24 жылда осы жобаның бас жүлдесін иеленген қазақстандық алғашқы әнші болды. Димашқа байқаудың жеңімпазы ретінде 20 мың доллар табысталған болатын.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети