Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты

Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты © РИА Новости

Димаш ??дайбергенні? ?кесі Астанада?ы концертке ресейлік ?нші Кристина Орбакайтені? неге ша?ырыл?анын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Димаш Құдайбергеннің әкесі Астанадағы концертке ресейлік әнші Кристина Орбакайтенің неге шақырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тимур Бекмәмбетовтің "Ирония судьбы" фильмінің саундтрегі "Опять метель" әнін бүгін Димаш пен Кристина Орбакайте дуэт болып орындайды. Бұл ән барлығымыздың сүйікті туындымызға айналды, себебі осы әнмен Димаш "Славян базарында" жеңіске жеткен. Арасында бір байланыс бар, Орбакайте - осы әнді бірінші болып орындаған, дәл осы композиция арқылы Димаш бірінші жүлдесін алды. Сондықтан шығармашылық ұжымда талқылай отырып, концертке Кристина Орбакайтені шақырып, осындай дуэт орындауды ұйғардық", - деді Қанат Айтбаев концерт қарсаңындағы баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің алғашқы үлкен концертінде шведтің танымал әншісі Лорин (Loreen), қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы және басқа да әншілер қатысады. Димаш Құдайбергеннің концерті "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама