Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлы үшін мемлекеттік қызметтен кетуді шешті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлы үшін мемлекеттік қызметтен кетуді шешті Видеодан алынған кадр

Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік қызметтен кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік қызметтен кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Қанат Айтбаев енді барлық уақытын ұлының шығармашылығына арнамақшы. Қанат Айтбаевтың соңғы жылдары Ақтөбе облысы Мәдениет басқармасының басшысы болғаны айтылады.

Осыдан бір ай бұрын Қытайдағы I am a singer байқауының ұйымдастырушылары шенеунікті қонақ ретінде шақырған екен. Сол уақыттан бері Қанат Айтбаев ұлымен бірге Қытайда жүр. Содан Ақтөбедегі Мәдениет басқармасының басшысы Қытайдан келген соң жұмыстан кететіні жайлы өтініш жазған. Алайда әзірше облыс әкімі өтінішке қол қойды ма, жоқ па - белгісіз. Ал Қанат Айтбаевтың өзі салқын тиіп ауырып қалуына байланысты осы мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты. (Дереккөз: КТК)

Еске сала кетейік, өткен сенбіде, 18 ақпанда Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады. Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети