09 желтоқсан 2018 09:26

Димаш Құдайберген "Әлем аруы" байқауында қазақша ән айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауының сахнасында. © instagram/kudaibergenov.dimash Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауының сахнасында. © instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" сұлулық байқауының сахнасында өнер көрсетті, байқаудың финалы 8 желтоқсанда Хайнань қытай аралында өтті. Бұл туралы сұлулық байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. 


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" сұлулық байқауының сахнасында өнер көрсетті, байқаудың финалы 8 желтоқсанда Хайнань қытай аралында өтті. Бұл туралы сұлулық байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. 

Жалғасы

"Халықаралық жүлденің иегері, жұртты таңғалдырған әнші Димаш тамаша орындауымен, вокалдық керемет диапазонымен көрермендерді тәнті етті", - деп жазды ұйымдастырушылар.


© instagram/missworld

Димаш Құдайберген қазақ тілінде "Ұмытылмас күн" әнін орындады - ол оның композиторлық жұмыстарының бірі. Бұл орындау әлеуметтік желіде қолданушыларды таңғалдырды.

"Осыдан бір-екі жыл бұрын "Әлем аруы" байқауында қазақша ән шырқалады деп кім ойлаған. Димаш, сен мүмкін емес дүниелерді жүзеге асырып жатырсың", - деп жазылған қазақстандық әншінің табынушыларының парақшасында.

Бұған дейін "Әлем аруы-2018" байқауы финалының тікелей көрсетілімін әлемнің 200 елінен миллиардтан аса көрерменнің тамашалайтыны хабарланған.

Димаш Құдайберген байқауға Қазақстан атынан қатысқан Екатерина Дворецкаяны қолдау үшін барды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети