1. Басты
  2. Біл
  3. Әуен

Димаш Құдайберген Алматының LED-экрандарындағы тосынсый үшін қытайлық жанкүйерлеріне алғыс білдірді

© Timeskz.kz © Timeskz.kz

Димаш Құдайбергенов Алматыдағы LED-экрандар арқылы құттықтаулары үшін 25 Chinese dear қытайлық жанкүйерлер тобына алғысын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барық жанкүйерімді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күндеріңіз жарқын болсын! Армандарыңыз орындалсын! 25 Dears тобына Алматыдағы LED-экрандарға орналастырылған құттықтаулары үшін ерекше алғыс", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Желіде пайда болған видеода мұның Наурызға арналған сый екені айтылған. Құттықтаулар Розбакиев көшесіндегі Mega, Dostyk Plaza, Фурманов көшесіндегі "Рамстор" маңындағы LED-экрандарға және басқа да орындарға жарияланған.

Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан I Am a Singer байқауына қатысуда. Байқау 14 кезеңнен тұрады. БАҚ мәліметі бойынша, Димаш Құдайберген байқаудың финалына өтті.