Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне 500 мың доллар сыйлады - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне 500 мың доллар сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне 500 мың доллар сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, бұл жаңалықты C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлімдеген.

"Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады", - деді ол.

Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйлегені айтылады. Одан соң қиын-қыстау – пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетіліпті.

"Димаш жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 мың доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар", - делінеді басылым сілтеме жасаған қосымша ақпаратта.

Ескерту! Ақпараттың дереккөзі - Egemen.kz - мақаланы өшіріп тастады

Кейін мәлімет жоққа шығарылды. Сөйтсек, Димаш Құдайберген 500 мың доллардың дәрі-дәрмегі мен медициналық құрал-жабдықтарын сатып алу үшін емес, сол сомадағы дәрі-дәрмек пен құралдарды жеткізіп беруге демеуші болған екен.

Project C. U. R. E. - бүкіл әлем бойынша медициналық материалдар мен жабдықтарды қайырымдылық жеткізумен айналысатын коммерциялық емес ұйым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer