Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда "IQIYI awards" нұсқасы бойынша жыл әншісі атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Армандар орындалады! Жыл сайын өтетін "IQIYI awards" марапатында "Жылдың ең үздік əншісі" номинациясы бойынша жеңіске жеттім. Баршаңызға рахмет! Қуаныштымын!!!#Dears, сіздердің арқаларыңызда бəрі!))" - деп жазды Құдайберген.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Гонконгта жыл әншісі атанған еді. Сонымен қатар, ол MTV Music Awards премиясын және Asian Music GaLa премияларын жеңіп алған еді.