Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші концертін беру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші концертін беру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"22 наурызда өтетін мәдени шараның билеттері сатылып кетті. 23 наурызда екінші концерт өткіземін. Билеттер сатылымда. Кремльде жүздескенше. Ресей. Мәскеу. D-dynasty", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 2018 жылы желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің Ресейде бірінші концерт беретіні белгілі болды. Мемлекеттік Кремль сарайының сайтында жарияланған мәліметке сәйес, Димаштың концерті 22 наурызда Үлкен залда өтеді. 19:00-де басталады.