Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен ресейлік композитор Игорь Крутой "Новая волна" байқауында шеберліктерін тағы бір паш етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орындаушының YouTube-каналына сілтеме жасап.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен ресейлік композитор Игорь Крутой "Новая волна" байқауында шеберліктерін тағы бір паш етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі орындаушының YouTube-каналына сілтеме жасап.
Италиян тіліндегі композиция Passione деп аталады. Ән айту кезінде Димашты Сочи қаласының жастар хоры демеп тұрды.
Видеоны көрген жанкүйерлер жаңа әнге және Димаштың талантына ең жоғарғы баға берді.
"Димаш- ол музыка әлемінде қайталанбас тұлға. Оның таланты құшақталмағанды құшақтайтын, бірігуге келмейтінді біріктіретін керемет күш. Димаштың творчествосы - ол тек әндерден ғана тұрмайды. Шағын спектакльден тұратын қойылымдай әр қимылы әлемдік сахнаны еркін бағындыратын тұлға екенін көрсетіп келеді.
Өзінің атын еркін сезінетін авторлық қолтаңбасысы бар. Димаштың өмірде болуының өзі бір құбылыс. Аудиториясының шегі жоқ. Оның таланты адамға сүйіспеншілік қана сыйламайды, одан да көбірек энергетиканы күн сәулесіндей шашып тұратыны белгілі. Сахнада деген миссиясы бүкіл әлемнің майданын тоқтатып талайлардың көкірегін тесіп, миллиардтаған жүректерден орын алып сонда ғасырларға қалатындай, айта берсек сан жетпейтін адами таза, қазағым деп соққан жүрегі мына біздің адасқан жанымызды оятатындай. Ол миллиондардың кумирына айналған сәттен ақ католиктермен протестанттарды, мұсылмандармен христиандарды тазалық пен адалдыққа, татулық пен адамгершілікке т.б. мейірімділікке бейімдеуде. Осының өзі ең жоғарғы мәртебе, Жеңіс деп осыны айт! Жарайсың Димашок", - деп жазды Чиин Пин есімді пікір қалдырушы.