Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концерттен түскен қаражатты Арыста зардап шеккендерге береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Нұр-Сұлтанда өткен концерттен түскен қаражатты Арыста зардап шеккендерге береді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Нұр-Сұлтанда "Астана Арена" стадионында өткен концертте билеттер сатылымынан түскен қаражаттың бір бөлігін Арыста зардап шеккендерге көмектесу мақсатында құрылған қорға аударатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің бауырларымыз - Арыс тұрғындары қандай жағдайға тап болғанын білесіздер... Сол себепті мен концерттен түскен қаражаттың біршама бөлігін Арыста зардап шеккендерге аударуды ұйғардым", - деді әнші. 

Димаш Құдайбергеннің жеке "Арнау" атты концерті елорда күніне орай өткізілді. Бағдарламада қазақтың ұлттық әндері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары орындалды, сондай-ақ Димаштың авторлық әндері де шырқалды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әншінің фанаттары 64 елден 10 мыңға жуық адам билет сатып алған. 

Димаштың осы концертін 6 шілдеде Qazaqstan телеарнасынан көруге болады. 

Еске салайық, Арыста әскери қоймада жарылыстардың салдарынан үш адам қаза тапты. Қазақстандықтар қала тұрғындарына көмек ретінде миллиард теңге жинады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети