Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі "Барклайс-центр" стадионында жеке концертін береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі "Барклайс-центр" стадионында жеке концертін береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс-центр" стадионында жеке концерт беретінімді қуанышпен хабарлаймын. Билеттер қашан сатылымға шығатынын тағы хабарлайтын боламын. Менің Instagram желісіндегі парақшамды қарап жүріңіздер", - деп жазды Димаш.
Айта кетейік, 29 қарашада әртіс Санкт-Петербургте концерт береді деп жоспарланған.
"Барклайс-центр" (Barclays Center) - Бруклинде орналасқан спорт аренасы. "Бруклин Нетс" баскетбол командасының үй алаңы және "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей алаңы. Нью-Йоркте түрлі іс-шаралар өткізу бойынша "Мэдисон-сквер-гарденнің" негізгі бәсекелесі саналады.
Осы аренада әлемдік шоу-бизнестің жұлдыздары үнемі өнер көрсетеді. Олардың арасында Пол Маккартни, Элтон Джон, Селин Дион, Coldplay, Ариана Гранде, the Black Keys, Крис Браун, Backstreet Boys, Iron Maiden, Рианна, The Weeknd, Kendrick Lamar және басқалар бар.