Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ranker.com сайтында жарияланған "Барлық уақыттағы үздік әншілер" рейтингіне қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ranker.com сайтында жарияланған "Барлық уақыттағы үздік әншілер" рейтингіне қатысты тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әртіс бұл дауыс берудің еш мағынасы жоғын айтты, "бұл байқау емес не жоба емес".
"Барлығы осы сауалнама жайлы айта бастадым, мені онда Майкл Джексон және Фредди Меркьюри сынды әйгілі музыканттармен қатар қойған. Бұдан алғаны әсерді айту жеткіліксіз. Бірақ осындай адамдармен тең болу үшін мен әлі талай еңбек етуім керек. Жер бетіндегі маған қолдау білдірген барлық адамдарға алғыс білдіргім келеді. Бірақ бұл Интернеттегі жай ғана сауалнама болып шықты. Бірақ мен сіздердің махаббатарыңызды сездім. Сол себепті, мен талмай жұмыс істейтін боламын. Көп рақмет", - деді Димаш Құдайберген ОКҚ брифингінде.
Айта кетейік, Дауыс беру Ranker.com сайтында жүргізілді. Википедия мәліметінше, Ranker сайтына ай сайын 49 миллионнан аса қолданушы кіреді. Дауыс беру аяқталғанға бірнеше сағат қалғанда қазақстандық әнші тізімде екінші болып тұрған, ал 1-орында Фредди Меркьюри тұрған. Сол кезде Димаш Құдайбергеннің 90 мыңға жуық дауыс жинағаны көрсетілген. Алайда дауыс беру аяқталған соң қазақстандық әнші ондыққа да кірмеген болып шықты. Ол тізімде 369-орында болды.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін береді
Еске салайық, наурызда әнші Кремльде жеке концертін береді.