18 шілде 2017 13:21

Димаш Құдайберген "Славян базарында" ерекше даусымен жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kudaibergenov.dimash © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Витебскте 2017 жылғы Славян базарының жабылу салтанатында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.


Димаш Құдайберген Витебскте 2017 жылғы Славян базарының жабылу салтанатында өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

Әнші Адажио компазициясын орындады. Бұл сайысқа Димаш қонақ ретінде шақырылды. Әнші өнер көрсеткеннен кейін қошемет ұзақ уақыт бойы созылып, тыңдарман әншіден тағы бір ән сұрады. Осыдан кейін әнші: "Көп рақмет. Өз кезегімде осындай мүмкіндік беріп отырған сіздерге үлкен алғысымды айтқым келеді" деді.

"Биыл "Славян базары" байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті маған сыйлап, шексіз ілтипаттарын көрсетуден жалықпайтын фестиваль ұйымдастырушыларына шексіз алғыс айтамын! Мені алыстан қолдап келген барша жанкүйерлерге де мың алғыс! Саxнаға шыққан кезден бастап Сіздердің энергияларыңыз мені ерекше көңіл-күйге бөледі! Биыл "Славян базарына" Еліміздің атынан Айри @ayree_official есімді отандасымыз қатысты. Өкінішке орай, жүлделі орын алмаса да - мен Оны қолдап, амфитеатрда нағыз лайықты өнер көрсеткенімен құттықтағым келеді!!! Айридің дауысы ерекше, болашағы зор! Барша жанкүйерлеріме, замандастарыма жас әншіні қолдауға шақырамын! Айтпақшы, "Славян базарына" домбыраны алғашқы алып шыққан Айриге өз атыманан раxмет айтамын!!! Алдағы үлкен шығармашылығыңа сәттілік!!!", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске алайық, 2015 жылы Димаш Құдайберген бұл ән байқауында Константин Меладзенің "Опять метель" және франуздың Sos dun terien un detresse әндерін орындап, жеңіп шыққан болатын. Ол байқауда 175 балл жинап, Гран-при иегері атанды. Оған 20 мың доллар сыйақы берілгенін де айта кетейік. 

Биыл бұл конкурсқа Қазақстан атынан Ayree (Айри) қатысқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети