Сочиде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ән орындап жатқанда, сахнаға бір көрермен сәбиін көтеріп шығады. Әнші әнін үзбей баланың бетінен сүйді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әртіс Instagram-ға сілтеме жасап.

Сочилық көрермендер қазақстандық әншіні өте жылы қабылдады. Димаш залға түскен соң, оған гүлдер сыйлады, ал бірінші қатардағы көрермендер онымен бірге ән шырқады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Димаштың жанкүйерлері бұл видеоға ерекше қуанышпен өз әсерлерін жазып жатты.
"Біз бақыттың бір бөлшегіне ие болдық! Рахмет!" - деп жазды dimash_salem атты жанкүйер.
Кейбір жанкүйерлер Димаштың концертіне қатыса алмағандары үшін өкінетіндерін мойындап: "Осы концертке келгендердің барлығына қызғаныш білдіреміз! Біздің махаббатымыз шексіз. Осыны түсінгеніңіз үшін рахмет!", - деп жазса, "Алла жақсы, бақытты ғұмыр берсін, саған, Құлыншақ", - деп жазыпты әншінің отандасы.
"Керемет! Ақылдым! Аман сау бол!" - деп жазыпты жанкүйерлері.