Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" бағдарламасының жүргізушісіне шапан кигізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" бағдарламасының жүргізушісіне шапан кигізді Видеодан алынған кадр. © 1tv.ru

Димаш Құдайберген Бірінші арнадағы "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Димаш Құдайберген Бірінші арнадағы "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Эфир кеше, 31 қазанда көрсетілді. Димаш бағдарламаға композитор Игорь Крутоймен және мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотниковамен келді. Қазақстандық әнші жүргізушіге сыйлық ретінде шапан сыйлады.

"Бізде құрметті адамдарға шапан сыйлайды. Осы сәтті пайдаланайын дедім", - деді әнші. "Мұндай заттар менде және Николас Кейджда ғана бар", - деп әзілдеді бағдарлама жүргізушісі.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында Ургант қазақстандық әншіден Джеки Чанға туралы сұрақ қойды.

"Ол адам, өте қарапайым кісі. Әлемдегі ең танымал, президенттердің барлығынан дерлік танымал", - деп жауап берді Димаш.

Айта кетейік, "Вечерний Ургант" - 2012 жылы 16 сәуірден бастап шыққан Бірінші арнадағы кешкі шоу. Бұған дейін шетелдік әншілер мен әртістер, өнер адамдары кеш қонағы болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети