"Славян базары - 2015" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенге Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 5 миллион теңге сыйақы табыстады, - деп хабарлайды "31 арна".
"Славян базары - 2015" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенге Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 5 миллион теңге сыйақы табыстады, - деп хабарлайды "31 арна".
Басылымның мәліметінше, Димаштың байқаудағы жеңісінен кейін Ақтөбеде туылған егіздердің біріне әншінің есімі беріліпті. Телеарнаға берген сұхбатында Димаш өз арманын айтты. "Басты арманым Ресейге, өзге де елдерге қазақ әндерін насихаттау, олардың сахнасында ана тілімде ән айту", - деді ол.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов 11-13 шілде аралығында өткен "Славян базары-2015" конкурсында Гран-при иеленген болатын. Ол Қазақстан Тәуелсіздік алған 24 жылда осы жобаның бас жүлдесін иеленген қазақстандық алғашқы әнші болды. Димашқа байқаудың жеңімпазы ретінде 20 мың доллар табысталған болатын.