Димаш Құдайбергеннің әкесі қытайлықтарға аударылған қаражатқа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің әкесі қытайлықтарға аударылған қаражатқа қатысты түсінік берді

Димаш Құдайбергеннің әкесі қытайлықтарға аударылған қаражатқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің әкесі қытайлықтарға аударылған қаражатқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қанат Айтбаев Facebook желісінде жазды. 

"Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін... Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа - Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар...", - деп жазды Айтбаев.

Еске салайық, осыған дейін бірқатар қазақстандық басылым қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Хунань провинциясында болған су тасқыны апатынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсеткені туралы хабар таратқан еді. БАҚ-тардың мәліметінше, Hunan телеарнасының weibo әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Димаш Mango V қоры арқылы Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін көмек ретінде 300 мың юань (14 миллион теңге) қаражат аударған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети