Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік қызметтен кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Димаш Құдайбергеннің әкесі мемлекеттік қызметтен кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Қанат Айтбаев енді барлық уақытын ұлының шығармашылығына арнамақшы. Қанат Айтбаевтың соңғы жылдары Ақтөбе облысы Мәдениет басқармасының басшысы болғаны айтылады.
Осыдан бір ай бұрын Қытайдағы I am a singer байқауының ұйымдастырушылары шенеунікті қонақ ретінде шақырған екен. Сол уақыттан бері Қанат Айтбаев ұлымен бірге Қытайда жүр. Содан Ақтөбедегі Мәдениет басқармасының басшысы Қытайдан келген соң жұмыстан кететіні жайлы өтініш жазған. Алайда әзірше облыс әкімі өтінішке қол қойды ма, жоқ па - белгісіз. Ал Қанат Айтбаевтың өзі салқын тиіп ауырып қалуына байланысты осы мәселе бойынша пікір білдіруден бас тартты. (Дереккөз: КТК)
Еске сала кетейік, өткен сенбіде, 18 ақпанда Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындады. Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.