Қытайда өтіп жатқан I am Singer байқауының қатысушысы, қазақстандық 22 жастағы Димаш Құдайберген барша әлемге танымал болды. OS d’un terrien en détresse, "Опера №2", The Show Must Go On және тағы да басқа композицияларды орындаған соң жас әншінің жанкүйерлері де көбейген. "Медиа-Систем" агенттігі Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желілерде есімінің қанша рет айтылғаны бойынша рейтинг жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің есімі бір айда (20 қаңтардан 20 ақпанға дейін) 64 448 аталған, олардың 33 108-і қазақстандықтар арасында екен.
Ал 28-29 қаңтар аралығында орындаушының есімі 4 928 және 5 535 рет аталған. Бұл күндері әншінің Қытайдағы I am a Singer байқауының екінші кезеңіндегі жеңісі жайлы хабарланған болатын. Еске сала кетейік, 18 ақпанда Димаш Құдайберген байқаудың бесінші кезеңінің жеңімпазы атанған болатын. Бесінші кезеңдегі видео бір күнде 8 767 көрілім жинаған. Сондай-ақ, Димаштың SOS d'un terrien en détresse әнінің видеосы 5 448 559 көрілім жинап, видеоны 133 374 адам бөліскені белгілі болды.
Айта кетейік, рейтингте Қазақстан (72,9 пайыз) көш бастап тұр. Одан кейін Ресей (11,4 пайыз) және Украина (3,7 пайыз) тұр. Сондай-ақ, рейтингте АҚШ (1,5 пайыз), Корея (0,8 пайыз), Израиль (0,5 пайыз) және Франция (0,4 пайыз) елдері бар.
Ал Димаш жайлы рейтингі жоғары жазбалардың ішінде "Шоу жалғасып жатыр! Димаш Құдайберген байқаудың келесі кезеңінде. Queen рок тобының орындауындағы The Show Must Go On әнін орындады. Димаш таңғажайып адам!" деген жазбаны 1227 адам бөлісіп, жазба 1 830 лайк жинаған.
Сондай-ақ, Желі қолданушыларының Димашқа қолдау көрсеткен жазбалары үш мыңнан аса лүпіл жинаған. Мысалы, "Жоғары регистр, тамаша тенор, экспрессия... Қатты әсер етті! Келісесіздер ғой, ол ТАҢҒАЖАЙЫП!", "Димашты екінші жеңісімен құттықтаймыз! #ДимашКудайбергенов занял 1-к место по итогам голосования во втором этапе "I am singer" в Китае!", "Димашқа Алла жар болсын!!! Удачи" деген жазбалар мыңдаған лайк жинаған.
Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.