Massaget.kz сайтының журналисі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің тұңғыш концертінің 5 ерекшелігін атап берді. Айта кетейік, 27 маусымда "Астана Арена" стадионында өзінің табиғи дарынымен миллиондарды мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің "Бастау" атты жеке шығармашылық ән кеші өткен еді.

Басылым осылайша концерттің бес ерекшелігі деп мына жағдайларды атады:
1. Қазақстанда "Астана Аренаны" алғаш толтырған Димаш болды. Ол бұл кешке 30 мыңнан аса адам жинады, олардың 60 пайызы қазақстандықтар болса, 40 пайызы шетелдіктер.
2. Саф өнер əрдайым өнер иесінен адалдықты талап етеді. Оның дәлелі - жанды дауыс. Бұл концертте Димаш 100 пайыз жанды дауыста ән шырқады.
3. Елімізде тұңғыш рет фанклубтар бірлестігі көрінді, көрініп қана қоймай іспен дəлелденді. Атап айтсақ, Dimash&Dostar, DimashdearsEurasianFanclub, т.б. бірлестіктер бой көрсетті.
4. Кешке тек отандық жанкүйерлер емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерден бірнеше жанкүйер келді. Атап айтсақ, Қытай, Ресей, Франция, Канада, Жапония, Индонезия, тіпті мұхиттың ар жағынан (АҚШ) да жанкүйерлер келіп қатысты.
5. Үздік сахна, ұтқыр режиссерлік шешім, кәсіби би топтары қатысқан кеште Димаш ән айтып қана қоймай, бишілік өнерімен де жанкүйерлердің назарын аударды.