Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өзін 10 сағат бойы жаңбырдың астында күткен жанкүйерлеріне Instagram желісіндегі парақшасында алғысын білдірді.
"Кешегі концертiміз жаңбырдың астында өтсе де, көңілді өткен секілді. 10 сағат жаңбырдың астында мені күтіп тұрған барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс білдіремін. Рахмет Чэнду!", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram