Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды

16 Ақпан, 17:03
0
© Tengrinews.kz коллажы
© Tengrinews.kz коллажы

Америкалық The World's Best шоуының келесі кезеңіне өткен қатысушылар тізімі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Байқаудың YouTube хостингіндегі ресми парақшасына жарияланған роликке қарағанда, екінші кезеңге қзақстандық Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова да өткен. Айта кетейік, екеуі де бірінші сында қазылар алқасын вокалдық мүмкіндіктерімен таңғалдырған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 100 балдан 98, ал Данэлия - 96 балл алды.

Бағдарлама эфирі сәрсенбі, 20 ақпанға жоспарланған. Ал Қазақстанда әртістердің өнерін 21 ақпанда таңертең көруге болады.

The World's Вest  - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай