Димашты жанкүйерлері туған күнімен құттықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димашты жанкүйерлері туған күнімен құттықтап жатыр Фото: © instagram/kudaibergenov.dimash

24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оның туған күнін әртүрлі елдегі мыңдаған жанкүйері бірге атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оның туған күнін әртүрлі елдегі мыңдаған жанкүйері бірге атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Димаштың жанкүйерлері әншіге Желіде өлең мен музыкалық шығарма арнап жатыр. Олар Димашқа жүрекжарды тілектерін жариялады.

Димаш алғаш рет 2017 жылы Қытайда белгілі телевизиялық шоуға қатысқан кезде танылған. Кейін ол сол байқауда екінші орын иеленді. Бірнеше ай ішінде Димаш Құдайберген миллиондаған көрермен сүйіктісіне айналды. 

Шолпан Табаева - Димаштың жанкүйерлерінің бірі. Алматылық зейнеткер Димаштың Америка, Англия, Қытай, Ресейде ұйымдастырған концерттеріне қатысқан. Ол әлеуметтік желілерде Dimash Salem фан-клубын құрған. Онда әртүрлі елден 30 мыңнан аса оқырман тіркелген.

"Біз күн сайын Димаштың өмірінде не болып жатқанын айтып береміз. Әлеуметтік желілерде пікір жазамыз. Әлемді Димаштың шығармашылық өмірінде не болып жатқанын ғана емес, Қазақстанмен, қазақ мәдениетімен де таныстырамыз", - дейді әртістің жанкүйері.

Шолпан Табаева өз кумирімен кездескен күнді ең бақытты күні деп санайды. Ол тіпті әншімен тілдесіп үлгерген. Мүмкін ол кез келген жанкүйердің арманы шығар.

Фан-клубтың тағы бір мүшесі Шакира Жүнісова Димаштың туған күнінде өзінің жүрекжарды тілегін білдіреді. Жас әншінің өнеріне деген сүйіспеншілігі алты жыл бұрын пайда болған.

"Димаштың ең басты арманы - музыкалық әлемдегі ең танымал әлемдік жүлдені алу. Ал мен сол "Грэмми" сыйлығын иеленуін тілеймін. Ол бүкіл музыкалық сыйлыққа лайық, бірақ әлі жас. Оның бәрі алда", - дейді жанкүйер.

Қазір әлемнің 150 елінде Димаш Құдайбергеннің 200-ден аса фан-клубы бар.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында қытайлық жанкүйерлерінің құттықтауын жариялады. 

"Карантинге байланысты Қытайдан кеткеніме бір жылдан асқанына қарамастан жанкүйерлерім осындай құттықтау жасапты", - деп жазған әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети