"Россия-1" телеарнасындағы "Привет, Андрей" бағдарламасында жүргізуші Андрей Малахов Димаш Құдайбергеннің отбасы Түркияда композитор Игорь Крутойға туған күнінде не сыйлағанын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Бұл туған күніңізде алған ең үлкен сыйлық сияқты", - деді Малахов.
Қазақстандық әнші мен оның отбасы композитордың туған күніне Крутойдың өзі мен жары Ольга бейнеленген үлкен портрет сыйлаған.
"Отбасымызбен не сыйлаймыз деп ойладық. Сіздің тамаша отбасыңызды, Ольгамен қарым-қатынасыңызды көріп жүрміз. Келесі жылы 25 жылдықтарыңызды атап өтесіздер. Осы қонақтар отбасыларыңыздың 50, кейін 70 жылдық мерейтойына келуін тілейміз", - деді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.
Димаштың сыйлығы туралы айтылған сәт 1:13:54-те.