Димаштың талантына тәнтіміз - HUNAN телеарнасының директоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаштың талантына тәнтіміз - HUNAN телеарнасының директоры © ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

HUNAN.TV телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин I am a Singer байқауының финалдық бағдарламасына арнайы Қазақстаннан Қытайға келген делегацияны өзі күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

HUNAN.TV телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин I am a Singer байқауының финалдық бағдарламасына арнайы Қазақстаннан Қытайға келген делегацияны өзі күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вице-министр Ақтоты Райымқұлова мен Люй Хуанбин әңгіме барысында қытайлық телеарнаның директоры қазақстандық өнерпаздардың потенциалы жоғары екенін айтты. 

"Димаш Құдайбергеннің біздің байқауда өнер көрсетуі қазақстандық орындау өнерінің жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Біз оның талантына тәнті болдық, финалда жеңіске жетуіне тілектеспіз", - деді ол. 

Димашты қолдауға келген қазақстандық делегацияның құрамында Айман Мұсаходжаева, Астана Опера театрының директоры Ғалым Ахмедияров, Асхат Маемиров, Димаштың ата-анасы - Қанат және Светлана Айтбаевтар. Сонымен қатар, Қытайдағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышевта қатысты.  

 

Жүрегім өнер деп соғады, мақсатым ән айту, күллі әлемге ішімде жатқан барды жар салу... Міндетім, қазақ әнін паш ету, жанкүйерлеріме жан жүрегімде жатқан жырды жырлау, өнерімді бағалайтындармен бірге толғану, тебірену!... Менің әлі айтарым бар! Бұл бастамасы! Жеңіс құтты болсын!!! Жүрегім Сіздермен бірге!!! Ыстық ықыластарыңыз үшін раxмет!!! Dears ❤️❤️❤️ #DQ #TheSinger #TheSingerDimash #dimash #dimashkudaibergen #Kazakh

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Еске салайық, Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2-орынды жеңіп алды. Бірінші орынды Гонконг әншісі Sandy Lam алды. 

Қазақстандық әнші финалда әйгілі Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth song атты әндерін орындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети