28 сәуір 2017 12:14

Дмитрий Маликов Димаш Құдайберген жайлы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік композитор, әнші, актер, продюсер әрі тележүргізуші Дмитрий Маликов TengrinewsTV тілшісіне берген сұхбатында әнші Димаш Құдайбергеннің даусын жоғары бағалап, бірге ән жазуға қуанышты болатынын айтты. 

Айта кетейік, Маликов 2015 жылы "Славян базарында" Димаш Құдайбергенді мақтаған еді. "Оның даусы керемет екенін, жоғары айта алатынын білемін. Қытайда да жеңіске жетті деп естіп жатырмын. Бұл өте керемет, өте жақсы жаңалық. Құдай сәттілік берсін. Қуана-қуана бірге ән шырқайтын едім", - дейді ол сұхбатта.

Сондай-ақ, Дмитрий Маликов алдағы жоспарлары жайлы, қазақстандық рэперлер туралы ойын айтып өтті.

Айта кетейік, Дмитрий Маликов таяудан бері Желіде белсенді бола бастады. Ол Twitter желісіндегі микроблогында жиі жазып, түрлі сайттарда онлайн-трансляциялар өткізіп жүр. Музыкант жастардың музыкасына қызығушылық танытып жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети