Джей Ло қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымын қайтарып алды

Видеодан алынған скрин

Warner Music Group компаниясының өкілдері қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымдарын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біздің клип бұғаттан шығарылды, құқығымыз қайта қайтарылды. Клип бізге тиесілі. Бізге ештеңе де айтпай барлығын бұғаттап тастады. Warner Music Group өкілдері шағымдарын қайтарып алды. Клипті қайтарып бергені жайлы және шағымды қайтарғаны жайлы хабарлама келді. Қатты қуанып тұрмыз, өзімізге сенімді болған едік, себебі клиптің минусы толықтай біздікі болатын", - дейді блогер Ахмад Хельми.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, мұның алдында хитке айналған Jokeasses атымен белгілі қазақстандық блогерлер түсірген "Зың-зың" әнінің YouTube-тен өшірілгені хабарланған еді. Jokeasses мүшелерінің айтуынша, клип аты әлемге белгілі поп-әнші Дженнифер Лопестің мүддесін қорғайтын Warner Music Group компаниясының авторлық құқықты бұзды деген шағымынан кейін өшірілген. 

Видеоны Қазақстан, Польша, Германия, Ресей және тағы да басқа ел азаматтары 22 миллион рет қараған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама