25 тамыз 2018 18:19

Хитке айналған "Зың-зың" әні YouTube-тен өшірілді: Блогерлер Джей Лодан жауап күтіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы. © instagram.com Tengrinews.kz фотоколлажы. © instagram.com

Jokeasses атымен белгілі қазақстандық блогерлер түсірген "Зың-зың" фирус әні YouTube-тен өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Jokeasses атымен белгілі қазақстандық блогерлер түсірген "Зың-зың" фирус әні YouTube-тен өшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Jokeasses мүшелерінің айтуынша, клип аты әлемге белгілі поп-әнші Дженнифер Лопестің мүддесін қорғайтын Warner Music Group компаниясының авторлық құқықты бұзды деген шағымынан кейін өшірілген. 

Видеоны Қазақстан, Польша, Германия, Ресей және тағы да басқа ел азаматтары 22 миллион рет қараған. Бір апта бұрын клипке "страйк" түскен - бұл YouTube әкімшілігі тарапынан авторлық құқықты бұзғандарға жасалатын ескерту. 

"Бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз, ролик өшірілген. Қайтарады деп үміттеніп отырмыз. Мәтін біздікі, бит те авторлық. Шағымды түсірген Warner Music Group компаниясы - бұл Дженнифер Лопестің лейблы. Қазір біз олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, бұл өте күрделі процесс. Мәселе шешіледі деп сенеміз", - деді Jokeasses блогерлер тобының менеджері Темірлан Атаулла.

Jokeasses мүшесі Ахмад Хельми "Зың-зың" әнімен байланысты барлық контенттің YouTube-тен өшірілгенін айтып отыр.

"Бұл біздің ең ірі жобамыз, оны 2 күн түсірдік, төл туындымыз. Қайтару үшін қолдан келгенді жасаймыз. Қазір өтінім бердік, оны бір апта қарастырады. Күтеміз. Дженнифер Лопестің әнінен сөзін ұрлады дегені өтірік. "Зың-зың" керемет тренд болды, сондықтан оған видео түсіруді ұйғарғанбыз, ал кейін клип түсірілді. Айтпақшы, 86 жылғы ән де бар, оның да мотиві осындай", - дейді блогер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети