Еліміздің барлық өңірінде Құрманғазының күйі бір сәтте орындалды

viewings icon 337 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай домбырашылар флешмобы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мыңға жуық адам Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірнеше қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай домбырашылар флешмобы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мыңға жуық адам Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындады. 

Мысалы, Қарағанды оқушылары, студенттері және кәсіби аспап шеберлері - барлығы 100-ге жуық домбырашы - синхронды түрде "Сарыарқа" күйін орындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара еліміздің біраз өңірінде бір уақытта басталған. 

 "Сарыарқа" күйі Петропавлда да орындалды. Онда 50 домбырашы қатысты - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, филормония әртістері, сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдер қатысты. 

Павлодарда Құрманғазының күйі ірі сауда орталығында орындалды. Мұнда Павлодар музыка колледжінің 25 жас домбырашысы күй шертті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сауда орталығы нағыз концерт залына айналды, бұл шара адамдардың ұлттық құндылыққа жақын болуы үшін істелген. 

Семейде осы флешмобқа Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қатысты - 30 домбырашы және 20 биші. Домбырашылар "Сарыарқа", "Адай" және "Балбырауын" күйлерін орындады. Сонымен қатар, оқушылар сауда орталығына келушілерді "Сағындым елім" композициясына билеуімен таңғалдырды. 

Өскеменде бұл шара Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде өтті. Мұндағы бастама үлкен концертке айналды. Оған 600-ге жуық адам қатысты. 

Осындай шара Ақтау қаласында да өткен. Бұл турады Tumba.kz басылымы хабарлады. Онда Өскенбаев атындағы облыстық филормонияның студенттері мен қызметкерлері қатысқан. Филормония директорының орынбасары Жаңылсын Мужиеваның айтуынша, Құрманғазының "Сарыарқа" күйін орындауға 40 музыкант қатысқан. Шара "Ақтау" сауда орталығында өткізілген. 

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
23°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю