Бүгін Астанадағы Абай ескерткішінің алдында қазақтың ұлы ақынының туған күніне арналған "Абайдың ән әлемі" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш шара Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Концертте ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан, қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіре айтып жүрген танымал әнші Ерлан Рысқали Абайдың танымал әндерін шырқады.
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Абайдың өмірі мен шығармашылығынан дайындалған қойылым көрсетуде. "Біз адамдарды әлемге Абай шығармалары арқылы қарауға және мемлекеттік тілді дамытуға шақырамыз", - деді Тілдерді дамыту басқармасының қызметкері Құралай Ақсейітова.
Шараға зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері шақырылған. "Шараға Абайдың шығармашылығымен жақынырақ танысу үшін келдім. Ол дүниеге және қазақ халқына керемет өлеңдер сыйлады, оларды біліп, әрдайым есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүру керек", - дейді шараға қатысушы Астана тұрғыны Айман Жүнісова.