Елордалықтар Ұлы Абайдың туған күнін атап өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Бүгін Астанадағы Абай ескерткішінің алдында қазақтың ұлы ақынының туған күніне арналған "Абайдың ән әлемі" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астанадағы Абай ескерткішінің алдында қазақтың ұлы ақынының туған күніне арналған "Абайдың ән әлемі" атты мерекелік шара өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш шара Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Концертте ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан, қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіре айтып жүрген танымал әнші Ерлан Рысқали Абайдың танымал әндерін шырқады.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Абайдың өмірі мен шығармашылығынан дайындалған қойылым көрсетуде. "Біз адамдарды әлемге Абай шығармалары арқылы қарауға және мемлекеттік тілді дамытуға шақырамыз", - деді Тілдерді дамыту басқармасының қызметкері Құралай Ақсейітова.

Шараға зиялы қауым өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері шақырылған. "Шараға Абайдың шығармашылығымен жақынырақ танысу үшін келдім. Ол дүниеге және қазақ халқына керемет өлеңдер сыйлады, оларды біліп, әрдайым есте сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүру керек", - дейді шараға қатысушы Астана тұрғыны Айман Жүнісова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.19  course up  596.34  course up  6.38  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer