21 шілде 2014 | 11:33

Еркеш Шәкеев пен Марат Бисенғалиевтің алғашқы альбомы жазылып бітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

inform.kz фото inform.kz фото

Қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде әлемге танытқан атақты скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев пен белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің «Inception» атты неоклассика жанрындағы алғашқы альбомы жазылып бітті. Аталған альбом Лондонда аты аңызға айналған Карл Дженикстің Abbey Road студиясында жазылды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Алаш айнасы» әлемге аты мәшһүр музыканттардың бірлескен жобасы туралы ақпарат берген болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын басталған жобаның жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық мәдениетті халықаралық деңгейде әлемге танытқан атақты скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев пен белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің «Inception» атты неоклассика жанрындағы алғашқы альбомы жазылып бітті. Аталған альбом Лондонда аты аңызға айналған Карл Дженикстің Abbey Road студиясында жазылды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Алаш айнасы» әлемге аты мәшһүр музыканттардың бірлескен жобасы туралы ақпарат берген болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын басталған жобаның жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр.

Альбомда Еркеш Шәкеевтің жазған композицияларын Марат Бисенғалиев және Лондонның симфониялық оркестрі орындайды. Авторлардың айтуынша, алғашқы альбом жазылып біткенімен әлі оны өңдеу, жөндеу жұмыстары да бірталай уақытты қажет етеді.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 12-сі күні "AIR studios" (London)" британдық студиясында Марат Бисенғалиев пен Лондонның симфониялық оркестрінің орындауында Еркеш Шәкеевтің шығармалары жазыла бастады. Альбомға Марат Бисенғалиевтің жеке орындауындағы және симфониялық оркестрге арналған 11 композиция енді. Бұл пост-продакшн альбом екі ай бойы жазылды. Альбомның саундпродюсері англиялық продюсер Александр Ван Инген. Атқарушы продюсер DECA Сlassics. Аранжировкасын жасауға Ұлыбританияның, Канаданың, Италияның мамандары тартылған болатын.

Неоклассика жанрындағы өте сұлу да, сазды музыкалық материалдар терең лирикамен астасып автордың өмірге деген философиялық көзқарасын білдіреді. Кәсіби мамандардың жазылған музыкаға қатысты айтылған алғашқы пікірлерінен-ақ альбомның қандай сұранысқа, беделге ие болатынын аңғаруға болады. Айталық, Элвис Преслиге, Рэй Чарльзға, Джо Коккерге, Клифф Ричардқа арнап музыка жазған ағылшын сазгері Гай Флетчер фантастикалық музыкаға бірден ғашық болғанын жасырмады.

Марат Бисенғалиев – есімі бүкіл әлемге мәшһүр скрипкашы. Ол әлемдік мәдениетке үлес қосқаны үшін алтын дискілерге ие болған алғашқы қазақстандық. Музыкант көптеген мемлекеттік марапаттардың иегері, ол Carnegie Hall, Lincoln Centre (New York) Wigmore Hall, Barbican Centre, Royal Albert Hall, Royal Festival Hall (London) және тағы басқа әлемдегі үздік концерт алаңдарында өнер көрсеткен. "Naxos", "Marco Polo" , "EMI" және Марат пен Sony BMG секілді атақты дыбыс жазу студияларымен бірлесе отырып, Марат өзінің біршама жинақтарын шығарды. Олар әлемдік мәдениеттің жауһарына айналды.

Еркеш Шәкеев – ақын, сазгер, көптеген әндердің авторы, 1999 жылы Австралияда өткен Оңтүстік-Тынықмұхиттық "Pacificsongcontest" халықаралық ән байқауының лауреаты (40 мемлекеттен 3000 қатысушы), "Best European Entry" британдық композиторлар мен авторлар академиясының арнайы сыйлығының иегері, "Платиналы Тарлан" сыйлығының иегері, "Жыл әні" байқауының бірнеше мәрте лауреты. 2013 жылы ЕМА 2013 байқауында Еркеш Шәкеев "Үздік композитор" атағын алған. Бұл марапатты музыкантқа аты аңызға айналған француздың шансоньесі Шарль Азнавур табыс етті.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети