Eurovision-2022 ән байқауында жеңіске жеткен украиналық Kalush Orchestra этно-рэп тобы бірінші орынға алған шыны микрофонды сататындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.
Eurovision-2022 ән байқауында жеңіске жеткен украиналық Kalush Orchestra этно-рэп тобы бірінші орынға алған шыны микрофонды сататындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды 24.kz.
Музыканттар оны аукцион арқылы сататынын, ал жүлдеден түскен ақшаны ел әскерін қолдау қорына аударатындарын айтты.
Айта кетейік, Италияда өткен биылғы байқауда украиналықтардан бөлек үздік бестікке Ұлыритания, Испания, Швеция мен Сербиядан барған қатысушылар кірді. Әскери іс-қимылдарға байланысты Ресей бұл жарыстан шеттетілді.
Kalush Orchestra - украиналық Enko рэп-лейблінің резиденттері. Оның негізін Alyona Alyona мен продюсер Иван Клименко (Сальта Назад) салған.
Бұл топ Eurovision байқауына қатыспауы керек болған. Украиналық іріктеуде олар рэп-эстетика мен фольклорды үйлестіретін Алина Паштан жеңіліп, екінші орын алған еді. Бірақ Паш кейіннен Қырымға барғаны үшін халықаралық байқауға жіберілмеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!