"Евровидение-2016" байқауында Украина әншісі Джамала жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евровидение-2016" байқауында Украина әншісі Джамала жеңіске жетті © AP photo

Стокгольмде өткен "Евровидение-2016" байқауында Украина әншісі Джамала (Сусанна Джамаладинова) жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол байқаудың басынан бері фаворит саналған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стокгольмде өткен "Евровидение-2016" байқауында Украина әншісі Джамала (Сусанна Джамаладинова) жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол байқаудың басынан бері фаворит саналған еді.

Көрермендер мен ұлттық қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша, Джамала "1944" деп аталатын әнімен 534 дауыс жинады. Екінші орында аустралиялық әнші Дами Им (511 дауыс). Ал ресейлік әнші Сергей Лазарев 491 даусымен үшінші орын алды. 

РИА Новости басылымының мәліметінше, қырым татарлары ұлтынан шыққан украин қызы Сусана Джамалатдинова конкурстың басынан бері фавориттердің қатарында болған. "1944" деп аталатын композиция, орындаушының айтуынша, кеңес үкіметі кезіндегі оның халқының тағдыры жайында. 

Тыңдарман украин әншісіне қолдау білдірді, ал орындау сәтінде жарық сәулелер шоуы болды. Конкурста кімнің жеңетіні соңғы секундтарға дейін белгісіз болды: бұл кәсіпқой қазылар алқасының ережесінің өзгеруіне байланысты және әрбір елдің тыңдарманы қатысушыларға 1-8 аралығында, сонымен қатар, 10-12 аралығында дауыс бере алатынына байланысты еді. Қорытындыны жариялау сәтінде бастапқыда қазылар алқасының берген ұпайлары аталды, кейін көрермендердің даусын қосты. Қорытындысында бірінші орынды Джамала алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети