"Евровидение-2019" байқауының финалистер тізімі шықты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Евровидение-2019" байқауының финалистер тізімі шықты

Бүгін "Евровидение-2019" байқауының ақтық сыны өтеді. Tengrinews.kz тілшісі халықаралық эстрадалық ән байқауының финалистер тізімін ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін "Евровидение-2019" байқауының ақтық сыны өтеді. Tengrinews.kz тілшісі халықаралық эстрадалық ән байқауының финалистер тізімін ұсынады.

Биыл "Евровидение" Тель-Авивте болады. Байқау Израильде үшінші рет өтіп жатыр. Қазылар алқасы мен көрермендердің жалпы дауыс беру қорытындысы бойынша финалға шыққан қатысушылар:

1. ZENA - Беларусь

2. Сергей Лазарев - Ресей

3. Chingiz - Әзірбайжан

4. Катерина Дуска - Грекия

5. Невена Божович - Сербия

6. Tamta - Кипр

7. Виктор Крон - Эстония

8. Группа Lake Malawi - Чехия

9. Кейт Миллер-Хайдке Аустралия

10. Группа Hatari - Исландия

11. Серхат - Сан-Марино

12. Дуэт Zala Kralj & Gasper Santl - Словения

13. Тамара Тодевска - Солтүстік Македония

14. Дункан Лоуренс - Нидерланды

15. Йонида Маличи - Албания

16. Йон Лундвик - Швеция

17. Leonora - Дания

18. группа Keiino - Норвегия

19. Лука Ханни - Швейцария

20. Микела Паче - Мальта

21. Мамуд- Италия

22. Билал Ассани - Франция

23. Мики - Испания

24. Группа S!sters - Германия

25. Майкл Рысь - Ұлыбритания

26. Коби Марими - Израиль

Ақтық сынды байқаудың ресми сайтынан көруге болады.

РИА Новости тілшісінің мәліметі бойынша, букмекерлер болжамынша, Arcade әнін айтатын Нидерландылық орындаушы Дункан Лоуренстің жеңіске мүмкіндігі зор. Себебі композиция шыққан сәттен бастап Лоуренс букмекерлік орталықтарда тізімнің бірінші жолынан түспеген. 

Екінші орынды Too Late for Love әнімен Швеция өкілі Джон Лундвик алуы мүмкін. Үшінші орынға букмекерлер француз әншісі Билал Ассаниді қойды. Ресейлік орындаушы Сергей Лазарев Scream композициясымен, болжам бойынша, төртінші орынға жайғасады. 

"Евровидение-2019" финалы 18-нен 19 мамырда қараған түні сағат 01.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) басталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети