Евровидение жеңімпазы есірткі қолданады деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евровидение жеңімпазы есірткі қолданады деген күдікке ілінді Видеодан алынған кадр

Евровидение-2021 байқауында жеңіске жеткен италиялық Mаneskin тобының әншісі Давид Дамиано байқау трансляциясы кезінде есірткіге ұқсас бір затты иіскеп жатқан жерінде видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Видеода әншінің басқа елдердің әртістері өнер көрсетіп жатқанда үстелге қарай еңкейгені көрінеді, бұл Желі қолданушылары арасында оның есірткіге тәуелді екені туралы пікірталастар тудырды.

Баспасөз мәслихатында Дамиано бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жарияланған кадрларда ол есірткі қолданбағанын, топтың гитарисі сындырып алған стақан сынықтарын жинағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Евровидение-2021 музыкалық байқауында италиялық Måneskin тобы жеңіске жеткені хабарланған болатын. Олар Zitti e buoni әнін орындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети