Фанаттар Бейжің әуежайында Димашты қоршап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фанаттар Бейжің әуежайында Димашты қоршап алды

Димаш Құдайберген Бейжіңге ұшып барды. Әуежайда оны жанкүйерлер күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Бейжіңге ұшып барды. Әуежайда оны жанкүйерлер күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Суреттер мен видеоларға сәйкес әртіс Қытай астанасына өзі жалғыз барған, сол себепті кейбір жанкүйерлер Димашпен сөйлесіп, сыйлық беріп, суретке түсті. 

Қазақстандық әнші әрқайсысымен жымиып амандасып, сөйлесті. Жанкүйерлер оның соңынан қалмай біраз жүріп, қолтаңбасын алған. 

Қолтаңба қойып жатып, ол бір жанкүйердің есімін шатастырып алса керек, сол себепті кешірім сұрайды. 

Қыздыр сүйікті әншісімен кездесуді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті. 

2019 жылдың соңында Димаш Құдайберген Internet Bull Ears Awards 2019 тұжырымы бойынша Қытайда танымал үздік әнші деп танылған еді. 

Әншінің жеке шығармашылық кештері 11 наурызда Киевте және 25 наурызда Прагада өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети