Қазақстанда пайда болып, халықаралық деңгейдегі мәдени статусқа ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы алғаш рет Астана әкімдігінің қолдауымен елордада ұйымдастырылады. The Spirit of Astana 2017 фестивалі 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Фестивальде белгілі фолк-рок-әншісі Инна Желанная мен қазақстандық этно-рок "Тиграхауд" тобы өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда пайда болып, халықаралық деңгейдегі мәдени статусқа ие болған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы алғаш рет Астана әкімдігінің қолдауымен елордада ұйымдастырылады. The Spirit of Astana 2017 фестивалі 23-24 маусымда "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Фестивальде белгілі фолк-рок-әншісі Инна Желанная мен қазақстандық этно-рок "Тиграхауд" тобы өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инна Желанная - аты аңызға айналған Farlanders тобының (1994-2004 жылдар) негізін қалаушы және ол 1990-1992 жылдары өнер көрсеткен "Альянс" тобының солисі. Музыка сыншыларының айтуынша, Инна Желаннаяның шығармашылығы әдеттегі жанрлардан өзгеше - рок, джаз, транс, психоделика, электрониканың және орыс халқының дәстүрлі әдерінің қосындысы.
"Мен сіздерді The Spirit of Astana фестиваліне шақырғым келеді. Біз 23 маусымда өнер көрсетеміз және сіздерді сонда көреміз деп сенеміз. Кездескенше!", - деді әнші Инна Желанная.
Инна Желаннаяның тобы.
Сондай-ақ, The Spirit of Astana фестивалінде этно-рок стильдегі "Тиграхауд" тобы да қонақтарды ерекше музыкалық бағдарламасымен қуантпақшы. Музыканттар тыңдармандарға екі композиция ұсынады: эксперименттік акустика мен дәстүрлі этно-рок-вариациялар.
"The Spirit of Astana фестивалінен көптеген эмоция мен позитив әсер күтеміз. Тыңдармандарымыздардан жағымды энергетика күтеміз. Қазақстанның астанасында осындай фестиваль өтетіні үлкен мақтаныш. Келіңіздер, өкінбейсіздер", - деді "Тиграхауд" тобының жетекшісі Данияр Жақиянов.
Қазақстандық "Тиграхауд" тобы.
"Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсеткен музыканттармен қатар, бұл жолы Қазақстанға тұңғыш рет келетін өнер иелері де қатысады. Бағдарлама өте қызық әрі мықты. Елорда біздің жұмысымызға жақсы баға береді деп ойлаймын", - деген еді осыған дейін The Spirit of Tengri фестивалі мен "Жұлдыз FM", Tengri FM радиостанцияларының бас продюсері Жан Қастеев.
Айта кетейік, фестиваль сахнасына 14 музыкалық ұжым шығады: Geo Train (Грузия); DJ Carmen Rizzo (АҚШ); Huun Huur Tu (Тыва); Namgar (Бурятия); Ljubojna (Македония); Motiva Zenekar (Венгрия); Argymak (Башқұртстан); Инна Желанная (Ресей); Tamikrest (Мали); Steppe Scape (Тыва/Бурятия/Германия); Еділ Хусаинов пен Satzhan Project (Қазақстан); "Барабаны Алматы" (Қазақстан); Tigrahaud (Қазақстан): DJ Нариман Исенов , DJ Роман Бажанов, DJ Рустам Оспанов, DJ Арсен SuperFly (Қазақстан).
The Spirit of Astana фестивалі 23-24 маусым күндері "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда өтеді. Концерт 17.00-де басталады, кіру тегін. Сахна өнер көрсететін музыканттарды алаңның жан-жағынан көруге мүмкіндік беретіндей орналасады. Сахнаның екі жағында үлкен Led-экрандар да қойылады, осы экрандар арқылы көрермендер шоудың қызықты тұстарын мүлт жібермей тамашалай алады. Жобаға TezTour туристік операторы қолдау көрсетіп отыр, ал жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry сауда желісі.
Еске сала кетейік, 20-21 мамырда Алматыда ашық аспан астында The Spirit of Tengri этникалық мәдениет фестивалінің бес жылдық мерейтойы өткен болатын. Музыка мерекесі 30-дан аса елдің жүздеген этно-ұжымдарының басын қосты. The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін Қазақстан жерінде көрсететін мультимәдени жоба. Жобаның құрылтайшысы - Tengri FM радиостанциясы.