Қазақстандық әнші Ғалымжан Молданазар синти-поп жанрындағы әндеріне қатысты сыни пікірлерге уәж айтты. Оның айтуынша, бұл жанрдағы әндер қазаққа таңсық емес, себебі мұндай туындылар елімізде өткен ғасырдың 80-90-жылдары кең тарап, танымал болды. Бұл туралы әнші Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

“Сынның болуы заңды. Бірақ қазір орынсыз айтылатын сындар көп. Осы жанрды білетін, электр музыканы түсінетін адам пікір білдірсе, мен оны қабылдаймын. Ал осы жанрдан хабары жоқ, әнге жалпы қызықпайтын адамдардың көз бен құлағын жауып алып сынай бастауы жүгіріп келіп, жағадан алғанмен бірдей болады екен”, - деді әнші.
Ғалымжан Молданазар, сонымен қатар, өз шығармашылығының қазақ эстрадасы үшін жаңалық емес екенін айтты. “Қазақтың барлық тойында адамдар осы синти-поп жанрындағы әндерге биледі. Музыкант өзінің синтезаторын алып келеді де, ән айтады. Бұл - нағыз синти-поп. Мен соған фанкты, электронды дыбыстарды қосып жүрмін. Бірақ сол 80-90 жылдары әрбір үйімізде болған той синти-поп стилінде болатын”, - деді ол.
Мұнымен қатар, орындаушы осы жылы шығармашылығында болатын өзгерістер жайында айтып берді. Мәселен, таяуда оның үнтаспасы шыққалы жатыр. “Үнтаспаны дайындап жатырмын, көктемге таман шығып қалады. Альбомда 10-12 ән болады. Бұл әндер синти-поп және электропоп бағытында. Енді жазылатын әндердің ішінде дуэт те болып қалуы мүмкін”, - дейді әнші.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ғалымжан Молданазардың "Қазақша тонау" фильмінің саундтрегін орындағаны жайлы хабарланған болатын. Кинода оның "Берік бол" деп аталатын композициясы және Wazabi тобының орындауындағы әндер шырқалады.