Алматылық 10 жастағы Данэлия Төлешованың "Голос. Діти" шоуында өнер көрсеткен видеосы Youtube-те көптеп қаралып жатыр. Қазіргі кезде бұл видео миллионнан артық қаралған және оған 2,5 мыңдай адам пікір білдірген. Ал "В тренде" айдарында бұл видео бірінші орында тұр.

Ал әнші қыздың Instagram желісіндегі парақшасында жазушылар саны күн санап артып келеді. Қазіргі кезде бұл сан он мың адамға жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желі қолданушылары әнші қызға қолдау білдіріп, жылы лебізін білдіріп жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен қатар шетелдіктер де бар.
"Өне бойыңды баурайды, алғашқы сәттен-ақ, әннің соңында тіпті көзіңнен жас шыққанын байқамай қаласың", - деп жазыпты Sonia Karanda.
"Құдай-ау, сөзім жоқ! Неткен өнер! Даусының зорын-ай, оның үстіне сондай қиын ән", - деп жазыпты Түркия тұрғыны.
Еске салайық, алматылық Данэлия Төлешова украиналық шоуда Деми Ловатоның Stone Cold әнін орындап, әділқазылар мен көрермендердің таңдайын қақтырған. Данэлия ән сала бастаған сәтте-ақ қазылардың барлығы оған бұрылған болатын.
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де қызға қолдау білдіріп, сенім артқанын айта кетейік.