"Голос" шоуына қатысқан қарағандылық Биназир Ермағанбетова әсерін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Голос" шоуына қатысқан қарағандылық Биназир Ермағанбетова әсерін бөлісті

BikaBreezy атымен танымал қарағандылық Биназир Ермағанбетова Tengrinews.kz тілшісіне "Голос" шоуына қатысып, қандай әсер алғанын айтып берді. Жас әншінің Billionaire әнін айтып, келесі кезеңге өткені және рэпер Бастаның тобына өткені белгілі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

BikaBreezy атымен танымал қарағандылық Биназир Ермағанбетова Tengrinews.kz тілшісіне "Голос" шоуына қатысып, қандай әсер алғанын айтып берді. Жас әншінің Billionaire әнін айтып, келесі кезеңге өткені және рэпер Бастаның тобына өткені белгілі.

Биназир үшінші маусымға қатысқанын да айтып берді. Ол сол кезде де барлық кастингтен сәтті өткен, алайда тәлімгерлер командалар құрамын толықтырып алған еді. Телевизиялық нұсқаға шығып үлгермеген қатысушылар автоматты түрде төртінші маусымға өтіпті. Ал Биназир мұны жақсылықтың нышаны деп біледі екен. Дәл осы маусымда шоудың тәлімгерлері өзгерді. Дима Билан, Пелагея және Леонид Агутинді Баста, Полина Гагарина және Григорий Лепс алмастырды, тек Александр Градский ауыспады. Осылайша, Биназирге Бастаның тәлімгер болғаны тиімді болыпты.

"Меніңше, Баста - өте дарынды адам, ол әрқайсымызға сенеді. Ол бізге өз балаларындай қарап, бірге жұмыс істейтінін айтты. Ол біз үшін "терлейді", біз үшін бәрін де жасауға дайын, сәйкесінше бәріміздің еңбектенуімізді талап етеді", - деді қыз.

Екінші эфирдің түсірілім жұмыстары қазанда өтеді, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Ал әзірше Биназир өткен кезеңде ерекше әсер алғанын еске алады, себебі сол екі минутта ол танымал болып шыға келді.

"Сахнаға шығар алдындағы 30 секундта қатысушыларды арнайы стресс-румда ұстайды. Ол жақта мен өзіме "Бар өнерімді салуым керек" дедім. Осы маусымға ауыстырғандары бекер емес. Ән айта бастағанымда өз даусымды да, оркестрдің даусын да естімедім, тек барабан соғыла бастағанда ырғақты сезе бастадым. Ешкімнің маған бұрылып қарамай жатқанына уайымдадым, бірақ бір жылдық дайындық, уайымның бәрі артта қалғанын түсінгеннен кейін өзімді еркін ұстадым", - деді ол.

Биназир бала кезінен ән айтады, бірақ музыкалық білімі жоқ екен, тек бес жыл домбыра шертуді үйреніпті. Ол Букетов атындағы ҚАРМУ-дың "Заң" мамандығын бітірген. Медиакомпанияда жұмыс істейді. Сонымен қатар, өнерпаз бес жылдан бері видеоблог жүргізеді. Қазіргі таңда YouTube хостингіндегі арнасына 20 мыңнан аса адам жазылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети