Грузияның Geo Folk Tour фольклор құрамасы "Дударай" әнін қазақша орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халық әндерін орындаушы топтың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Грузияның Geo Folk Tour фольклор құрамасы "Дударай" әнін қазақша орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі халық әндерін орындаушы топтың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Мұның алдында дәл осы топ Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін де қазақ тілінде орындаған болатын. Ол кезде орындаушылар әнді грузиялық әуенге келтіріп орындаған еді. "Қазақстандағы достарымызға арналады. Ән грузин тбилисилік, Ескі Тбилиси заманындағы балладалар жанырында орындалған. Авторы Абай Құнанбаев. Geo Folk Tour жобасы бейімдеген. Аранжировкасын Гиорги Маргвелашвили & Geo Folk Tour жасаған деген қысқаша мәлімет көрсетіліп, астына "құрметті достар, біз әннің өзін көзсіз көшіре салуды мақсат тұтпадық, біз оны барынша грузиялық мәнермен орындауға тырыстық" - деп қысқаша түсіндірме жазған еді.